Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау әкімдігі қызметтік көліктегі 666 "VIP" нөмірі туралы түсіндіріп берді

Опубликовано:

Маңғыстау тұрғындарының бірі 666 RK/12 мемлекеттік нөмірін таққан қызметтік көлікті байқап, "Лада" сайтына суретін жолдаған. Осыдан кейін журналистер әдемі нөмірлі көлік кімге тиесілі екенін анықтап көрді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: lada.kz
Фото: lada.kz: UGC

Белгілі болғандай, көлік Маңғыстау облыстық әкімдігі істері басқармасына тиесілі екен.

Сондай-ақ, заң бойынша сандары ұқсас "әдемі" мемлекеттік нөмір тағу үшін мемлекеттік орган қарапайым халыққа қарағанда 50 есе аз ақша төлейтіні анықталды.

Яғни, әрбір Қазақстан азаматы мұндай нөмір үшін 137 АЕК (329 485 теңге) жұмсаса, шенеуніктер бар болғаны 2,8 АЕК (6 734) теңге төлейді.

Ал әкімдіктегілер мемлекеттік қызметкерлерге көлік нөмірі тізім бойынша берілетінін алға тартты.

"Біз осындай нөмірге ие болу үшін ешқандай өтініш жазған жоқпыз. Бізде жалпы 100 көлік бар, әрқайсысының нөмірі кезек бойынша берілген. Ал 666 деген нөмір кездейсоқ түсіп қалды", - дейді ведомство басшысының орынбасары Бисен Черкешев.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1717759-magystau-kimdigi-kyzmettik-kliktegi-666-vip-nmiri-turaly-tsindirip-berdi/

pixel