RU

Қысқы Олимпиада: Қазақстан туын ұстап шыққан спортшы бүгін бақ сынайды

Пхенчханда өтіп жатқан 2018 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы отандастарымыз бүгін екі спорт түрінен ел намысын қорғайды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қысқы Олимпиада: Қазақстан туын ұстаған спортшы бүгін бақ сынайды
Қысқы Олимпиада: Қазақстан туын ұстаған спортшы бүгін бақ сынайды: UGC

Түс ауа шорт-трекші қыз-жігіттеріміз мұз айдынында өнер көрсетеді. Олардың арасында еліміздің туын ұстап шыққан Абзал Әжғалиев пен Қазақстан атынан бақ сынайтын кәріс қызы Йонг А Кимнан барша жұрт үміт күтетіні жасырын емес.

Бұлардан бөлек биатлоншыларымыз да жанкүйерлерін қуантуы әбден мүмкін.

Спорт түрі: Биатлон. Аралас эстфета

Спортшы: Галина Вишневская, Ольга Полторанина, Роман Еремин, Максим Браун

Уақыты: Астана уақытымен сағат 17:15-те;

Спорт түрі: Шорт-трек. Әйелдер. 1000 метр. Іріктеу кезеңдері

Спортшы: Анастасия Крестова, Йонг А Ким

Уақыты: Астана уақытымен 16:00-де;

Спорт түрі: Шорт-трек. Ерлер. 500 метр. Іріктеу кезеңдері

Спортшы: Денис Никиша, Нұрберген Жұмағазиев, Абзал Әжғалиев

Уақыты: Астана уақытымен сағат 16:45-те.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1717778-kysky-olimpiada-kazakstan-tuyn-stap-sykkan-sportsy-bgin-bak-synajdy.html