RU

Өз ауласынан акула тауып алған ер адамның зәре-құты қашты (фото)

Ұлыбританияның Кент елді-мекенінің тұрғыны бақшасынан мысық тектес акуланы көріп, таңғалған деп хабарлайды 24.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өз ауласынан акула тауып алған ер адамның зәре құты қашты
Өз ауласынан акула тауып алған ер адамның зәре құты қашты: UGC

Джеймстің айтуынша, ол асүйде кофе дайындап жатқанда, әкесі үйге кіре сала, бақшада акула жатқанын хабарлаған.

Олардың пікірінше, жыртқыш балықты аулаға шағалалар тастауы мүмкін. Яғни құстар акуланы аулағанмен, көкке көтере алмай, жерге тастап алған көрінеді.

Ұзындығы шамамен 60 сантиметр болатын акула өлі болған.

Аталған жыртқыш балық негізінен Атлант мұхитында, сондай-ақ Жерорта теңізінде өмір сүреді екен. Және олар адамға аса қауіп төндірмейді.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1717788-z-aulasynan-akula-tauyp-algan-er-adamny-zre-kty-kasty-foto.html