RU
Куәгер: Банкир Ержан Тәтішевке 2003 жылы да қастандық жасалған
Жаңалықтар Қоғам

Куәгер: Банкир Ержан Тәтішевке 2003 жылы да қастандық жасалған

Рассказать Вконтакте

Мұратхан Тоқмәдидің ісіне қатысты жүріп жатқан сот процесінде Қайрат Садықов есімді куәгер банкир Ержан Тәтішевке 2003 жылы да қастандық жасалғанын, белгісіз біреулер оның БМВ-7 маркалы көлігін өртеп жібергенін айтты деп хабаралйды "Астана" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Куәгер: Банкир Ержан Тәтішевке 2003 жылы да қастандық жасалған

Куәгер: Банкир Ержан Тәтішевке 2003 жылы да қастандық жасалған
Source: UGC

"Тәтішевтің өлімінен кейін әйелі Анар Айтжанова директорлар кеңесінің төрағасы болды. Марқұмның қос бауыры Ерлан мен Еркін де банк ісіне араласты. Олар банкті басқаруға таласты. Ал, Тәтішевтің 80 пайыз акциясы Әбілязовтың қолына қалай өткенін білмедім. "Тәтішевке қастандық жасалды, көлігін өртеп жіберді" деген әңгіме шыққан. Оның алдында күзетшісі соққыға жығылғанын естідік", - дейді куәгер Қайрат.

Садықовтың айтуынша, марқұм Ержан Тәтішевпен 1984 жылы Мәскеуде оқып жүргенде танысып, дос болыпты. Кейін Тәтішев оны «Тұран Әлем банкінің» Талдықорған филиалына директор қылып, 2003 жылы өзіне кеңесші етіп алған.

Сот отырысында тағы бір куәгер «Қазақстан темір жолы» компаниясының бұрынғы президенті Ерлан Атамқұловтан да жауап алынды.

"Бір күн бұрын Тоқмәди маған: "Ержан Тәтішев екеуміз аңға шығамыз, сен де кел», - деді. Мен бармайтынымды айтқам. Ертесіне ол 6-7 рет қоңырау соқты. Көтермедім. Көңілім қаламағандықтан мен оларға қосылмадым", - деді Ерлан.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
4
2
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel