RU
Ақтөбеде басшысынан сөз естіген кітапханашы мылқау болып қалған (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде басшысынан сөз естіген кітапханашы мылқау болып қалған (фото)

Рассказать Вконтакте

Портал редакциясына хабарласып, шырылдап көмек сұраған отбасы жанайқайын жеткізді. Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Құмжарған ауылында кітапханашы болып жасайтын төрт баланың анасы басшысы айқай шығарған күні сөйлесе алмай, мылқау болып қалған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде бастығынан сөз естіген кітапханашы тілінен айрылып, мылқау болып қалған

Ақтөбеде бастығынан сөз естіген кітапханашы тілінен айрылып, мылқау болып қалған

«Жолдасым мәдениет үйінде кітапханашы. Оқиға осы жылдың 12 ақпанында басталды. Әйелім сол күні жұмысқа кешігіп қалып, оннан кейін барса, есігінің ашық тұрғанын көреді. Ол жерде электрик жігіт пен клуб меңгерушісі болған. Ол есікті кімнің ашқанын ғана сұрайды. Клуб меңгерушісі Ойыл мәдениет үйінің бөлім басшысына кітапханашы есікті ашқаным үшін ұрысты деп арызданған.
Кешке сағат 5-тен 5 минут кеткенде жолдасыма бастығы телефон соқты. Айптаған сөздері жоқ. Тоқ етері ертеңнен бастап жұмыста жоқсың, заңмен жұмыстан шығарамын деп неше түрлі намысына тиетін балағат сөздер айтты. Түнде екіден кете жолдасым ұйықтай алмай тұрып жүр екен. Есінен танып құлады, тіл жоқ, құлақ есімейді, мылқау болып қалды. Машинаға салып, аудандық ауруханаға апардық», - дейді Әміреш Әбішев есімді азамат.
Ақтөбеде бастығынан сөз естіген кітапханашы мылқау болып қалған

Ақтөбеде бастығынан сөз естіген кітапханашы мылқау болып қалған

Оның 45 жастағы әйелі Гүлшара Бисенова ауыл кітапханасында 16 жыл жұмыс жасаған. Төрт баланың анасы.

«Дәрігерлер қатты күйзеліске түскен деп отыр. Жүрегіне алып қалғанды шығара алмаған. Содан бері жолдасым ауруханада әлі жатыр. Тілі шыққан жоқ, ештеңе айта алмай, сақау болып жатыр. Полицияға арыз жаздық. Бірақ қазіргі уақытта меңгерушінің намасына тиіп, балағаттағаны туралы айтатын куә де, аудио жазба да болмай тұр.

Біз аудан әкімінен де көмек сұрадық. «Еш жерге айтпа, аудан атына кір келеді» деп отыр. Бірақ, айналайындар-ау, сау адамды ауру қылып қойғанда мен қалай қарап отырамын», - дейді жолдасы.

Ауыл тұрғыны әйелін ауру қылып тастаған басшылардың жазалануын сұрайды.

«Мен мәдениет бөлімінің басшысы мен оған жалған ақпарат беріп отырған клуб меңгерушісіне шара қолдануды сұраймын. Олар маған дәрілердің ақшасын берейік, арызды қайтып алсаңшы деп сұрап отыр. Болған жағдайға заңмен шара қолдануды сұраймын. Жолдасымды аман алып қалған дәрігерлерге алғысым шексіз. Солардың арқасында тірі қалып отыр», - дейді Әміреш Әбдішев.
Ақтөбеде бастығынан сөз естіген кітапханашы мылқау болып қалған

Ақтөбеде бастығынан сөз естіген кітапханашы мылқау болып қалған

Ал аудандық мәдениет бөлімінің басшысы болған жағдайға қатысы жоқтығын айтты.

«Бұл жерде мен ол кісінің үстінен шағым түскеннен кейін оны қабылдауға шақырдым. Екеуін беттестіріп сөйлескім келді. «Неге жұмыста жоқсыз, келіңіз» дедім тек. Қазіргі уақытта жолдасымен де, баласымен де байланыс жасап отырмын. Бұрын мұндай жағдай болып көрген жоқ, мұнда алты жылдан бері жұмыс жасап келемін», - дейді Ойыл аудандық мәдениет бөлімінің басшысы Шамшырақ Жоламанова.

Мылқау болып қалған кітапханашы қазіргі уақытта жақындарымен ойын қағазға жазу арқылы сөйлесіп отыр.

Материал ҚР құқықтық заңнамасына сәйкес қорғалған. Материалды көшіріп басу, тарату немесе өзге де мақсаттарға пайдалану үшін редакцияның рұқсатын алу керек.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
11
9
14
36
4
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel