RU
Түсініксіз рэп айтатын Сайлаубекті қазақ тілі оқулығына енгізген автор халыққа ренжіп қалды
Жаңалықтар Қоғам

Түсініксіз рэп айтатын Сайлаубекті қазақ тілі оқулығына енгізген автор халыққа ренжіп қалды

Рассказать Вконтакте

Қазақ тілі кітабындағы елді шулатқан МС Сайлаубекке қатысты сұрақтарды сынағандарға кітап авторы өкпелеп қалды. Ол енді елге оралғысы келмейтінін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

МС Сайлаубек. Фото: NUR.KZ

МС Сайлаубек. Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Авторлары Қазбек Сағидолда мен Серікболсын Дүйсембай деп көрсетілген қазақ тілі кітабының ішінде МС Сайлаубектің бағдарламалар арқылы танымал болғаны да жазылған деп айтқан болатынбыз.

Ал бүгін кітап авторының бірі Серікболсын Дүйсембай дауға қатысты Facebook парақшасында пікір білдірді. Жетінші сыныпта поэзия кітабын шығарып, Назарбаев университетіне түскенін тізіп жазған автор, YouTube желісінде SerAi Academy каналым арқылы 2500-ге жуық оқушыға тегін білім беріп жүргенін де айта кетті.

«Талай 100 мың данамен шығып жүрген, ішінде қаншама қателіктер өріп жүрген оқулықтарды да көзіміз көріп жүр. Ал біздің ресми емес, тек емтиханға дайындыққа арналған қазақ тілінен бар - жоғы 100 дана тесттер жинағының ішіндегі бес-алты жолымыз қаншама балағат, ғайбат сөздерге алып келді. Бірақ, бұл жолдар келесі басылымда ауыстырылып, түзетіліп үлгерген еді. Және бұл тест жинағы ешқандай ресми бекітілмеген. Мектеп бағдарламасына енбеген.
Қазақ тілі кітабы. Фото: nur.kz

Қазақ тілі кітабы. Фото: nur.kz
Source: UGC

Мен бұны ақталу үшін де, мақтану үшін де жазып отырған жоқпын. Тек біздің қоғамның кейбір “белсенділері” мәселенің мән-жайына барып алмай, тек алып-қашпа әңгімеге еріп, жерден жеті қоян тапқандай жарыса бөлісе кетеді. Әлем көшіне ілесудің ауылы алыс па деп қалдым», - деп өкпесін білдірді.

«Титтей “қателігі” үшін Өз ұлын өзегінен тепкендей көрінген елге енді оралғың да келмей қалады екен. Елден кешірім сұрадым», - деп жазды кітап авторы.

Фото: қазақ тілі кітабы. Скриншот: Facebook

Фото: қазақ тілі кітабы. Скриншот: Facebook
Source: UGC

Ал Киікбай Жақыпұлы деген facebook қолданушысы: «Сен айтқандай кейбір белсенді шығармыз. Бірақ сен сияқты ақымақ емеспіз. Алып-қашпа әңгімеге қарамадық, нақты мәлімет көрсеттік. Сайлаубек пен саған еріп, әлем кқшіне енбей-ақ қойдым! Сені өзегінен ешкім теппеді! Сен тептің, қазақ тілін таптап! Келмесең сол жақта қал, оның несін айтасың?» - сынап, жазба қалдырды.

Сондай-ақ оқырмандар да өз қарсылықтарын білдіріп, пікір жазды. Олар кітап авторын «Қанша білімді болсаң да, деңгейің кітап жазуға жетпейді екен» деп сөгіп тастады.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Сіздің реакцияңыз
13
2
3
0
2
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel