RU
Жас қызды қорлап, өлтірмек болған отбасылы адам сот алдына келді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жас қызды қорлап, өлтірмек болған отбасылы адам сот алдына келді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жас қызға қорлық көрсеткен ер адамға үкім шықты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Жас қызды қорлап, өлтірмек болған отбасылы адам сот алдына келді

Жас қызды қорлап, өлтірмек болған отбасылы адам сот алдына келді

Сот 36 жастағы ер адамды 10 жылға бас бостандығынан айырды. Судья сотталушының кәмелеттік жасқа толмаған балалары барын ескеріп, кешірімдік танытқан.

"Ер адамға зорлау, күш қолдану, өлтіруге оқталу баптары бойынша айып тағылған. Сондай-ақ ол бойжеткеннің абайсызда денсаулығына ауыр зиян келтіріп, жыныстық қатынас жасауға оқталған. Сотталушы қылмысқа басқа адамдармен сөз байланысу арқылы барған. Сот жаза тағайындау кезінде азаматтың бұрын сотталмағандығын, отбасы жағдайын, жанұясында кәмелетке толмаған балалары барын және қылмысты алкогольден масаң күйде жасауын ескерді", - деп хабарлайды облыстық сотың баспасөз қызметі.

Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 24 бабы 3 бөлігі, 120 бабының 3 бөлігінің 2 тармағымен кінәлі деп танылып, ол 10 жылға сотталды.

Сотталушыға жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеу белгіленген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
4
5
1
1
7
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel