RU
Америкалық тілші ресейлік хоккейшіні қысқы Олимпиададан қууды сұрап отыр
Жаңалықтар Олимпиада-2018

Америкалық тілші ресейлік хоккейшіні қысқы Олимпиададан қууды сұрап отыр

Рассказать Вконтакте

USA Today басылымының журналисі хоккейден Ресей құрамасындағы Вячеслав Войновты Пхенчхандағы Олимпиада ойындарынан қууды ұсынды деп хабарлайды vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Вячеслав Войнов. Фото: VistaNews.ru

Вячеслав Войнов. Фото: VistaNews.ru

Баспасөз конференциясында журналист Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) коммуникациялар директоры Марк Адамстан неліктен зорлық бойынша айыпталған Войновты Қысқы ойындарға жібергені туралы сұрады.

"Войновтың Олимпиада ойындарына қатысу қатыспауын халықаралық федерация шешкен. Бұл мәселені соларға жіберу керек", - деді Адамс.

Еске сала кетейік, 2014 жылы "Лос-Анджелес Кингс" сапында өнер көрсеткен Войнов әйелі Мартаны зорлады деген күдікке ілінген еді. Ресейлік азаматты 90 тәулікке қамау туралы үкім шықты. Сонымен қатар ол үш жыл бойы сынақ мерзімін өтеуі тиіс болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
1
0
5
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel