RU
Шымкентте туған бауырымен сөзге келген азамат оны пышақтап өлтірді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте туған бауырымен сөзге келген азамат оны пышақтап өлтірді

Рассказать Вконтакте

Шымкентте туған бауырын пышақтап өлтірген азамат құрықталды. Сұмдық жағдай қаладағы "Қатын көпір" тұрғын алабындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

Бауыры ер адамға оның жаман адам екенін, әкесін мүлдем құрметтемейтінін айтады. Осыдан кейін екеуінің арасында жанжал туындап, ұрыстың арты төбелеске ұласады.

Ашынған үлкен ағасы інісін аямай ұрып-соғып, пышақтап өлтіріп қойған. Көршілердің сөзінше, туған бауырлар бұрын сотты болған азаматтар. Інісі төрт күн бұрын түрмеден шықса, ағасы алты ай бұрын бостандыққа шықаққан екен.

"Сол күні інісі ағасының үйіне қыдырып келді. Жанында тағы бір бейтаныс кісі бар еді. Үшеуі ішімдік ішкен көрінеді. Бейтаныс жігіт қашып үлгерсе керек, біздің есік алдында ес-түзсіз жатыр екен. Үстіннің барлығы қан. Дереу "103" қызметіне хабар беріп, полицейлерді шақырттық", - дейді көршісі.

Алған дене жарақаттарының салдарынан 45 жас шамасындағы азамат қайтыс болған. Ал екінші жәбірленуші қазіргі таңда жансақтау бөлімінде жатыр.

Анықталғандай, кісі өлтірген азамат оқиға орнынан қашып кеткен. ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдікті ретінде бұрын-соңды сотты болған Шымкент қаласының 55 жастағы тұрғыны ұсталды.

Қазір осы іске қатысты денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel