Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Газетке жазылудан шаршағанын айтқан мұғалімді депутаттар сөгіп тастады

Опубликовано:

Астанаға депутаттардан көмек сұрап келген мұғалімнің беті қайтып қалды. Мұғалімдер газетке мәжбүрлеп жаздыратын басшыларынан құтқаруды сұраған деп хабарлайды КТК арнасы.

Көрнекі сурет
Көрнекі сурет: UGC

Басылымдарға ай сайынғы жалақысынан жырып беруден шаршаған ұстаздар бүгін мұңдарын депутаттарға шақты. Өйткені жергілікті жерлерде оларды тыңдар ешкім жоқ.

- Лауазымды шенеуніктердің есебінде өзге қалалардан келетін қонақтармен кездесуде залды толтыратын – мұғалімдер. Жыл сайын республикалық, облыстық, аудандық басылымдарға үзбей жазыламыз. Сенбіліктен қалмаймыз. Мұндайда мұғалімнің беделі туралы қалай сөз қозғауға болады?!, - дейді Азат Игенов есімді мұғалім.

Қарағанды облысынан келген жас мұғалімнің бұл сөзіне депутаттар селт ете қоймады. Тіпті депутат Бейбіт Мамыраев мың жерден жағымсыз болса да ол мұғалімдердің міндеті деп салды.

Ал Білім министрлігінің айтуынша, газетке мәжүрлеп жаздыру, атқамінерлердің есебінде мұғалімдермен залды толтыру сияқты заңсыздықтарға әлдеқашан тыйым салынған. Алайда баяғы жартас сол жартас. Бұны шенеуніктердің өздері де мойындап отыр.

- Білім және ғылым министрлігі ретінде заңда тиісті норма қабылданып, оны шектедік. Екіншіден, өзіміз бұйрық қабылдап, бұл мәселені өзіміз шектедік. Келесі мәселе, қоғамға жергілікті билікпен бірлесіп шешеміз деп ойлаймыз, - дейді Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1717962-gazetke-zazyludan-sarsaganyn-ajtkan-mgalimdi-deputattar-sgip-tastady/

pixel