RU
Ақтөбедегі жантүршігерлік автобус өрті жүргізушілердің кінәсінен болған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбедегі жантүршігерлік автобус өрті жүргізушілердің кінәсінен болған

Рассказать Вконтакте

Осыдан бір ай бұрын Ақтөбе облысында 52 адам автобуспен бірге жанып кеткен жантүршігерлік оқиғаға қатысты тың деректер шықты деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Автобус өрті

Автобус өрті

Тергеу барысында техникалық ахауы бола тұра автобустың ұзақ жолға шыққандығы белгілі болған.

Министрдің айтуынша, тергеу барысында автобустың «Шымкент- Самара» тас жолының 1068 шақырымында техникалық ахауға байланысты тоқтағаны анықталған.

Автобус жүргізушілері бұл туралы төтеншеліктерге хабар бермей, яғни жолаушылардың қауіпсіздігін ойламай, адам тиелген автобус ішін жанып тұрған дәнекерлеуіш шамның көмегімен жылыта бастаған.

Сол жерде ашық тұрған ыдыстан абайсызда төгілген бензиннен өрт тұтанған. Қазір сот санкциясымен қамауға алынған автобустың үш жүргізушісі қылмыстық жауапкершілікке тартылуда.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
5
9
20
3
15
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel