RU
Бейбіт Шүменовтің боксын тамашалауға әйгілі Катар әмірі келетін болды
Жаңалықтар Қоғам

Бейбіт Шүменовтің боксын тамашалауға әйгілі Катар әмірі келетін болды

Рассказать Вконтакте

Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы жартылай ауыр (WBA super) және бірінші ауыр (WBA) салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Бейбіт Шүменовпен кездесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Қазақпарат хабарлайды.

Катар әмірі. Фото: Арабмир

Катар әмірі. Фото: Арабмир

Кездесу барысында Бейбіт Шүменов министрге әлемнің ең мықты 16 кәсіби боксшысы, олардың қатарында Катар Мемлекеті корольдік отбасының мүшесі шейхы Фахад Бин Халид Аль-Танидың қатысуымен бокс кешін өткізуді жоспарлап отырғанын айтты.

Оған Катар әмірі Тамим бин Хамад Аль-Тани келеді.

Бокс кешінің басты қаһарманы - Бейбіт Шүменов. Кешті атақты Майкл Баффер жүргізуі ықтимал.

Шараға аттары аңызға айналған боксшылар Роберто Дюран, Дэвид Хэй, Хорхе Линарес, Хасим Рахман, Заб Джуда, Эвандер Холифилд, UFC спортшылары Хабиб Нурмагомедов және Зубайра Тухугов, сонымен қатар, Дүнижүзілік бокс қауымдастығының басшылығы келеді деп күтілуде.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
3
18
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір