RU
Бүгін еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен бұрқасын күтілуде
Жаңалықтар Қоғам

Бүгін еліміздің басым бөлігінде көктайғақ пен бұрқасын күтілуде

Рассказать Вконтакте

21 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде қар жауып, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады деп хабарлайды РМК "Қазгидрометке" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды
Source: UGC

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23/28, оңтүстік-батыс облыстарында 30 м/с және аса күтіледі.

Алматы, Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде желдің 15-23 м/с күшеюі күтіледі. Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі жаяу бұрқасынмен 15-25 м/с жетеді, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel