RU
Әуретті жерін "ерекшелеп" қойған олимпиадашылар желіні шулатты (фото)
Жаңалықтар Олимпиада-2018

Әуретті жерін "ерекшелеп" қойған олимпиадашылар желіні шулатты (фото)

Рассказать Вконтакте

Әлемдегі ең танымал порталдардың бірі Reddit-тің оқырмандары Пхенчханда өтіп жатқан Олимпиадаға АҚШ конькишілері киіп шыққан "ерекше" формаларына таңданыстарын жеткізуде деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: EPA

Фото: EPA
Source: UGC

Коньки тебуші қыздардың суреті желіде тарап, қызу талқылануда. Бір ғана Reddit порталында оған 20 мың адам дауыс беріп, ең танымал суреттер қатарына қосқан.

Суретте көрініп тұрғандай, конькишілер спорттық киімінде екі аяғының ортасын, әуретті жерін бас түспен ерекешелеп қойған. Оны көрген желі қолданушылары жарыса пікір білдіріп, оны тіккен дизайнерлерді сөгіп тастады.

"Мына суреттерден көз ала алмай отырмын. Сорған қарағанда, олардың мақсаты - жарыс төрешілерінің назарын аудару болған сияқты", - деп жазады LadyChelseaFaye.

"Спортшылар осы киімдерді киюден бас тартуға құқылы ма?", - деп жазады "strixi" ретінде тіркелген желі қолданушысы.

Айта кетейік, Пхенчхандағы Олимпиада 25 ақпанға дейін жалғасады.

Фото: EPA

Фото: EPA
Source: UGC

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Сіздің реакцияңыз
4
2
6
0
1
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel