RU
Ашығып қалған шошқалар 80 жастағы қарияны жеп қойды
Жаңалықтар Әлемде

Ашығып қалған шошқалар 80 жастағы қарияны жеп қойды

Рассказать Вконтакте

Украинаның Николаев облысындағы Ковалевка ауылында 80 жастағы азаматтың үйіндегі шошқалар оның денесінің жартысын жеп қойған деп хабарлайды жергілікті Novosti N сайты.

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды
Source: UGC

Марқұмның көршілері оның әбден таланып тастаған денесін өз ауласынан тауып алған. Қарияның қолдары мен ішкі ағзаларын шошқалар жеп қойды деген болжам бар.

Қайтыс болған азаматты таныстары соңғы рет 17 ақпан күні көріпті. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол өз ауласында қайтыс болған соң, ашығып қалған шошқалары денесін талап тастаған.

Азамат вьетнамдық шошқаларды алты жылдан астам уақыт баққан екен.

"Шошқалар оны талап тастаған. Олар енді адамның да дәмін татып қалды. Балаларымыз ойнап көшеде жүреді. Біз енді қорқа бастадық", - дейді көршілер.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Сіздің реакцияңыз
0
3
9
5
4
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel