RU
Мальдив аралдарында жүрген Қайрат Нұртас әйеліне естен кетпес сый жасады (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мальдив аралдарында жүрген Қайрат Нұртас әйеліне естен кетпес сый жасады (фото)

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртас келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімовамен үйленгендерінің он жылдығын атап өтті. Бұл жайында әншінің жары Instagram парақшасында жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртас келіншегімен. Фото: Instagram

Қайрат Нұртас келіншегімен. Фото: Instagram

«Он жылдығымызды - Мальдив аралында, теңіздің жағасында, шашыңа ақ гүл қыстырып, ақ көйлекпен, ақ құмның үстінде, кинодағыдай атап өтеміз» деп ылғи айтушы еді, Ақпатшам. Мен, «әумин» - деп қоятынмын. Дегенмен де, уақыт өте келе бұл сөздерін ұмытып кетіппін. Бірақ, Ақпатшам уәдесінде тұрып бүгін маған тосын сый жасап, он жылдық тойымызды атап өттік.
Бұл мен үшін керемет тосын сый болды. Себебі әрбір нәзік жан үшін, сүйіктісінің шын ниетімен, маxаббат сезімімен жасалып жатқан сыйлығы, ерекше көңіл күй сыйлайды. Басқа бір ертегі әлемінде жүргендейміз. Құтты жаңадан отау құрған жас жұбайлар секілдіміз. Бал айында жүрген тәріздіміз. Аллаға сансыз шүкір! Бізге осындай мүмкіндікті берген әкеміз бен анамызға мың алғысымызды айтамыз», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Қайрат Нұртас келіншегімен. Фото: Instagram

Қайрат Нұртас келіншегімен. Фото: Instagram

Желі қолданушылары болса, Қайрат Нұртас пен жарына «Бақытты болыңыздар», «Көз тимесін», «Сіздер үшін қуаныштымын», «Махаббаттарыңыз баянды болсын» деп жылы лебіздерін білдірді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
2
5
2
6
55
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір