RU
Қостанайда ұлын мектепке апарған дәрігер із-түзсіз жоғалып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда ұлын мектепке апарған дәрігер із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Қостанай қаласында 35 жастағы ер адам жұмбақ жағдайда жоғалып кетті. Із-түзсіз кеткен Ербол Кәкімовтің жұбайының айтуынша, ол 15 ақпан күні ұлын мектепке апарып қайта оралмаған. Бұл туралы "Қостанай таңы" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қостанайда ұлын мектепке апарған дәрігер із-түзсіз жоғадып кетті

Қостанайда ұлын мектепке апарған дәрігер із-түзсіз жоғадып кетті

"Жолдасым қаладағы №4 мектеп маңында жоғалып кеткен. Баланы мектепке апарып, таяу маңдағы жұмысына баруы керек еді. Бірақ, оны әріптестері де көрмеген. Телефонын көтермейді. 15 ақпан күні кешке әлеуметтік желіге кіріпті. Менің жазғандарыма жауап берген жоқ. Арамызда ешқандай ұрыс-керіс болған емес", — дейді Татьяна Миненко.

Ербол Кәкімов Қостанай онкологиялық диспансерінде реаниматолог, анестезиолог болып жұмыс істейді.

Жоғалып кеткен күні үстінде қара куртка, көк джинс шалбар болған. Сондай-ақ, өзімен шағын қара сөмке алып жүреді.

Егер Ерболды көрген-білген адамдар болса, мына телефон нөміріне хабарласа алады: 87779731940 Ирина, 87071971848 Олеся, 87476803086 Василий.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel