RU
Баян Мақсатқызы: Меруерт Түсіпбаева менің күлкімді келтіреді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Баян Мақсатқызы: Меруерт Түсіпбаева менің күлкімді келтіреді

Рассказать Вконтакте

Баян Алагөзова мен әнші Меруерт Түсіпбаеваның арасындағы дауға әлі нүкте қойылмады. Олар БАҚ арқылы бір-біріне түрлі сөздер айтып, пікір білдіріп жүр деп хабарлайды «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Баян Мақсатқызы мен Меруерт Түсіпбаева. Фото: Today.kz

Баян Мақсатқызы мен Меруерт Түсіпбаева. Фото: Today.kz

Меруерт Түсіпбаева продюсерді тарихи фильм түсіретін деңгейге жетпегенін айтқан еді. Алайда, Алагөзова әншінің бұл сөзінен мүлде хабарсыз екенін айтты.

«Бұл сүйкімді әйел еріксіз күлкі сыйлайды. Осы сәтті пайдалана отырып, оған сәттілік, жақсы әндер, сәтті рөл тілеймін. Мен ол сұхбатты көрмедім. Бірақ, қазірдің өзінде күлкім келіп отыр», – деді Алагөзова.

Еске салайық, Баян Алагөзова түсірген «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» телехикаясына қатысты дау шыққан болатын. Көпшілік бұл туындыда тарихтың бұрмалағанын айтқан еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
19
2
5
0
2
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір