RU
Шешіміне өкініп, әйеліне қайта оралған трансгендерді ел сөгіп тастады (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Шешіміне өкініп, әйеліне қайта оралған трансгендерді ел сөгіп тастады (фото)

Рассказать Вконтакте

36 жастағы Ұлыбритания тұрғыны Джеймс 8 жыл отасқан әйелі Эйрианды тастап, өзі де әйел болғысы келетінін айтқан деп хабарлайды warnet.ws сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: warnet.ws

Фото: warnet.ws

Екі балалы әке сегіз жыл бірге тұрған әйеліне бала кезден бері келе жатқан арманын айтады. Ол "әйел" болуды ойлап жүрген екен.

Фото: warnet.ws

Фото: warnet.ws

Осыдан кейін әйел күйеуінің шешіміне амалсыз келісіпті. Ал азамат түрлі гормондар қабылдап, түр-әлпетімен киім үлгісін толық өзгерткен. Тіпті өзі қалағандай жасанды шаш пен биік өкшелі аяқ киімдерді тастамайтын болған.

Фото: warnet.ws

Фото: warnet.ws

Отбасындағы қыздарға ата-аналары ешнәрсені түсіндірмеген. Тек әкесінің орнына "екі ана" пайда болған.

Фото: warnet.ws

Фото: warnet.ws

Алғашында күйеуінің ерекше қалауына көз жұма қараған әйел уақыт өте келе онымен бірге тұра алмайтынын айтып, ажырасып кеткен. Көп ұзамай Эйриан басқа азаматты кезіктіріпе, онымен жаңа өмір бастайды.

Фото: warnet.ws

Фото: warnet.ws

Алайда Джеймс жаңа болмысына үйренісе алмай, жеті айдан соң қайтадан "еркек" боламын деп шешіпті. Қайтадан сақалын өсіріп, ер азаматша киінетін болған. Оны танитындар трансгендер әрекетін "екіжүзділік" деп бағалап, әйеліне жасаған қиянаты үшін сөгіп тастады.

Фото: warnet.ws

Фото: warnet.ws

Жұрт не десе де, Джеймс өз шешімдерін дұрыс көреді екен. Ал бұрынңы жұбайы оның "өзін тапқанына" қуанады.

Фото: warnet.ws

Фото: warnet.ws

Кейінірек Эйриан екінші күйеуі мен қыздарын алып, Португалияға көшіп кеткен. Оның артынша Джеймс те сол қалаға барып тұра бастапты. Қазір олар жақын достар ретінде жақсы араласатын көрінеді.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
4
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel