RU
Мейрамбек Беспаев әйгілі "Челсидің" ойынын көру үшін Лондонға барды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мейрамбек Беспаев әйгілі "Челсидің" ойынын көру үшін Лондонға барды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақ өнерінің королі Мейрамбек Беспаев Лондонда жүрген сәттерінен Instagram парақшасына суреттер жүктеді. Ол ән әлемінен бөлек, футболға да жанкүйер әнші Чемпиондар лигасын көзбен көру бақытына ие болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Мейрамбек Беспаев. Фото: Instagram

Мейрамбек Беспаев. Фото: Instagram

Беспаевпен бірге Нұржан Керменбаев, Нұрлан Қоянбаев және Аян Бірбаев та атақты стадионнан табылды. Олар күні кеше өткен "Челси - Барселона" ойынын «Stamford bridge» стадионынан тікелей көрген.

Мейрамбек Беспаев & отандық жұлдыздар. Фото: Instagram

Мейрамбек Беспаев & отандық жұлдыздар. Фото: Instagram

" Матч 1:1 есебімен аяқталды. Бірақ, мен үшін Челси жеңімпаз. Теледидардан көрген бір бөлекте, сан мыңдаған адамдармен бірге жанкүйер болған мүлде басқаша екен. Алланың қалауымен, қазақ елінің қолдауымен жетістікке жетіп жүрген адаммын. "Yokohama" компаниясы да осы абыройымды асқақтатып, шетелдің төріне шығарды", - деп ағынан жарылды Мейрамбек Беспаев.
Скриншот: Instagram

Скриншот: Instagram

Айта кетейік, оқырмандардың бір тобы әншіге уақытын қызықты өткізуге тілектестік білдірді. Ал екінші біреулері «ақшаны желге шашқанша, жетімдерге бер» деп Беспаевты сынап тастады.

Беспаевты атақты стадионның төріне "Yokohama" компаниясы шығарып, Чемпиондар лигасының матчын тамашалауға мүмкіндік сыйлаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
3
1
3
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір