RU

Тым сұлу болғандықтан көшеге шыға алмай қалған қыз еркіндікті аңсайды (фото)

Анжелика тым сұлу болғандықтан, ата-анасы оны көшеге шығармай қойған. Қамқоршы ересектер оған түрлі қорқынышты оқиғаларды айтып, қамап отырады екен деп хабарлайды anews.com сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: kursiv.kz
Фото: kursiv.kz: UGC

Қуыршаққа ұқсас түр-әлпетке ие болу үшін Анжелика ешқандай ота жасатпаған екен. Алайда табиғат берген сұлулық оған керісінше, масылдық алып келіпті.

26 жастағы бойжеткенді "алтын торға" қамап отырған анасы оны өзі киіндіріп, көшеге шықса оны ұрлап кетеді деп қорқытады.

Шын мәнінде ата-анасы өте сұлу қыздарының өмірі үшін қатты уайымдайды екен. Сол себепті оны көшеге жалғыз жіберуге қорқып, жанына оққағарлар ертіп жібереді.

Фото: kursiv.kz
Фото: kursiv.kz: UGC

"Мен өскенше ата-анам маған ханшайымдай қарады. Бала кезімнен үйден шығармай, ұл балалармен сөйлесуге рұқсат бермейтін. Нәтижесінде мен шынайы өмірден қалып, тірі қуыршаққа айналдым", - дейді Анжелика.

Сондай-ақ қыздың ата-анасы оныі мінсіз сымбаты бұзылып кетпес үшін тамақтану тәртібі мен спорттық жаттығулар жасауын үнемі қадағалап отыратын көрідеі.

Ал Анжелика шектен тыс қамқорлықтан құтылып, еркіндікте, шынайы өмір сүруді армандайтынын айтады.

Фото: kursiv.kz
Фото: kursiv.kz: UGC

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1718040-tym-slu-bolgandyktan-ksege-syga-almaj-kalgan-kyz-erkindikti-asajdy-foto.html