RU

Күйеуге шығамын деп жылаған бүлдіршін елді күлкіге қарық қылды (видео)

"Маған күйеу керек" деп егіле жылаған кішкентай қыздың видеосы желіде тарап, жұртты күлкіге қарық қылды деп жазады NUR.KZ.

Видеожазбада шамамен төрт жасар қыз анасына "күйеу керек" деп жылап отыр.

"Сен әлі кішкентайсың, сенің ойыншықтарың бар ғой. Күйеуді қайтесің?" деген анасына бүлдіршін одан сайын ренжиді.

"Сізде күйеу бар, ал менде мүлдем жоқ. Менде де болсын" деп жылайды.

Желі қолданушылары тәтті қыздың айтқанына әбден күліп, түрлі пікірлер жазуда.

Кейбірі өздерінің інілерін ұсынып көрсе, енді бірі қызды жылатып видео түсірген ата-ананы сөгіп тастады.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1718065-kjeuge-sygamyn-dep-zylagan-bldirsin-eldi-klkige-karyk-kyldy-video.html