RU

Димашты тойға шақырмаймын деген Ерболат Құдайберген енді оны жақтап шықты

Осыдан бірнеше күн бұрын «Сөккен әңгіме» бағдарламасында «Димашты тойға шақырмаймын. Оның әндерін күнделікті тыңдай алмаймын» деген Ерболат Құдайбергенов өз сөзін жоққа шығарып, Instagram парақшасында жазба қалдырды деп хабарлайды NUR.KZ.

Ерболат Құдайбергенов & Димаш Құдайбергенов. Фото: caravan.kz
Ерболат Құдайбергенов & Димаш Құдайбергенов. Фото: caravan.kz: UGC
«Димаштың дауысы, орындау шеберлігі дәстүрлі емес. Бірақ, ол біздің атағымызды әлемге шығарып жүр. Негізі табиғат бойынша, еркек адам шиқылдамайды. Еркектің дауысы тенор болады. Ал Димаштыкі сопрано. Ол екі-үш ғасырда бір туылады», - деген Құдайбергенов оны қанша сыйласа да, ешқашан тойына шақырмайтынын да жеткізген болатын.

Ал енді рэпер өзі айтқан сөздерді жоққа шығарып,

«Димашты жамандады деп шу шығыпты. Интернет желісінде күніне біреуі шығады екен, əр түрлі мағынамен! Өтірік, көтермелеген әңгімелер!
Ерболат Құдайбергенов. Фото: Instagram
Ерболат Құдайбергенов. Фото: Instagram: UGC
Димаш менің інім, өзім Димашты қатты жақсы көремін. Қалай аузым барып жамандайды деп ойлайсыздар?! 2 ғасырда бірақ рет кездесетін өнер иесі, талантты, өзімді "ағатайым" деп сыйлап тұрған інімді жамандап, төмендетеді деп ойлайсыздарма. Керісінше мақтан тұтам!!!!
Димашқа тек табыс тілеймін, жас қой, əлі биік белестер əлі алда», - деген жазба қалдырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1718069-dimasty-tojga-sakyrmajmyn-degen-erbolat-kdajbergen-endi-ony-zaktap-sykty.html