RU
Атырауда ескі "времянкада" күнелтіп жүрген 11 баланың анасы жанайқайын жеткізді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Атырауда ескі "времянкада" күнелтіп жүрген 11 баланың анасы жанайқайын жеткізді (фото)

Рассказать Вконтакте

Атырауда 11 баланың анасы, күміс алқа иегері Түленова Маржан шарасыз күйге түскенін айтып, NUR.KZ порталына хабарласты. Көп балалы болғанымен, Маржанның өз үйі жоқ. Біреудің есігінің алдындағы ескі "времянкасында" тұрып жатқан отбасы барар жер, басар тауы жоқ екенін айтып, жанайқайын жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Атыраудағы көп балалы әйел

Көп балалы отбасының Доссордағы құлағалы тұрған үйі

Маржанның айтуынша, ол 11 баланы өмірге әкеліп, тәрбиелегеніне еш өкінбейді. Бүгінде балаларының алды үйлі-баранды болып бөлек кеткен. Бір өкінетіні, үлкен әулеттің ата-анасы атанған ерлі-зайыптының әлі күнге дейін өз баспанасы жоқ. Сондықтан, құда-құдағиын күтіп алып, "төрінде құйрық-май жегізе алмадық" деп күйінді күміс алқалы ана.

Атыраудағы көп балалы әйел

Көп балалы отбасының Доссордағы құлағалы тұрған үйі

"Менің он бір балам бар. Күйеуіміз екеуіміз жұмыстан еш уақытта қашқан жоқпыз. Қолымыздан келгенше еңбек етіп келеміз. Балаларым да ерте бастан жұмысқа араласты. Бірақ толыққанды үй алуға еш мүмкіндігіміз жоқ. Атырауға көшіп келмес бұрын Доссорда тұрған едік. Алайда ол үйімізді су басып, мүлдем тұруға жарамсыз болып қалды", - дейді Маржан.

Атыраудағы көп балалы әйел

Көп балалы отбасының Доссордағы құлағалы тұрған үйі

Маржанның айтуынша, бүгінде ол жеті баласы мен күйеуінен ажырасып кеткен қызы және немересімен бірге тұрады. Бір ұлы үйленіп, келіні екеуі пәтер жалдап тұрады екен. Ал қалған екі қызы тұрмысқа шығып, өз алдына бөлек кеткен.

Атыраудағы көп балалы әйел

Көп балалы отбасының тұрып жатқан баспанасы

"Екі қызым базарда сауда жасайды. Күніне мың теңгедей табады. Отбасымның бір айлық табысы жүз мыңға жетер-жетпес. Кіші қызым мүгедек. Шыны керек, балаларым мектепке киімдерін алма-кезек ауыстырып киеді. Кей кездері ішерге ас таппай қалатын кезіміз болады.

Атыраудағы көп балалы әйел

Көп балалы отбасының тұрып жатқан баспанасы

Мәселен, қазір үстелімізде нан мен шайдан басқа түк жоқ. Бірақ оған қиналмаймын, бір үйіміз болса деп армандаймын. Мына пәтерді 20 мың теңгеге жалдап тұрып жатырмыз", - деді ол.

Атыраудағы көп балалы әйел

Көп балалы отбасының тұрып жатқан баспанасы

Маржан Түленова үкіметтің көмегіне зәру екенін жасырмады. Ол еңбек етіп, тапқан азғантай қаражатын үкімет берген үйге жұмсағысы келеді.

"Үкімет қарайласып, үй, болмаса жер берсе, өзіміз бірдеңе қылып үй салып алар едік. Мен ешкімнен тегін берсін деп отырған жоқпын. Тек бір демеп жіберсе, жер берсе ғой тым болмаса", - деп өз арманымен бөлісті 11 баланы дүниеге әкелген батыр ана.

Атыраудағы көп балалы әйел

Көп балалы отбасының тұрып жатқан ескі үйі

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Ескерту: Материал ҚР құқықтық заңнамасын қорғалған. Мақаланы редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басу, көшіру, таратуға тыйым салынған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
22
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір