RU
БАҚ: Қанат Ислам ісінен гөрі сөзі көп боксшыға айналды
Жаңалықтар Қоғам

БАҚ: Қанат Ислам ісінен гөрі сөзі көп боксшыға айналды

Рассказать Вконтакте

DiamondRing басылымы қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламға деген өкпе-ренішін білдіріп, көлемді мақала жариялады. Олар боксшының шаршы алаңдағы жарқын жеңістерінен гөрі instagram-дағы жазбалары эффектке ие екенін жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

БАҚ: Қанат Ислам ісінен гөрі сөзі көп боксшыға айналды

БАҚ: Қанат Ислам ісінен гөрі сөзі көп боксшыға айналды
Source: UGC

"Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Америкаға аттаныпты. Оның PR менеджері Берік Сұлтан өзінің инстаграмдағы парақшасында «Бұйыртса, жақсы жаңалық күтіңіздер» деген жазба қалдырыпты. Күтеміз. Бірақ, шыны керек, қазір Қанатқа байланысты аңдатпаларға бұрынғыдай елеңдемейтін болдық.

Неліктен дейсіз ғой? Мэнни Пакьямон келіссөздер жүріп жатқанын жазып, 22 наурызда «Алматы Аренада» жанкүйерлерге үлкен шоу жасауға дайын екендіктерін жазғанда, расымен де «оһо» дестік. Сендік. Біз де қазақтың дархан даласында Пакменді күттік. Бірақ, оның жай ғана PR екенін кеш білдік. Кейін Кел Брук туралы ақпарат шығып, онымен де айқасуға дайын екендіктерін білдірді. Ал іс жүзіне келгенде WBA бекіткен америкалық боксшы Джон Вераға қарсы айқастан бас тартты.

Егер сол кезде шаршы алаңға шығып, жеңіске жеткенде онда бірінші орта салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белбеуден басты үміткер болар еді. Бірақ неге екені белгісіз, бұл жекпе-жек аяқсыз қалды.

Америкалықтар ашық айтты. Бас тартқан Қанат Исламның командасы деп мәлімдеме жасауды да ұмытқан жоқ. Ал әшейінде боксшысына байланысты кез-келген жаңалыққа жауап жазатын Исламның командасы бұл жолы үнсіз қалуды жөн көрді.

Иә, байқағандарыңыздай, чемпиондық айқастарға шығатын уақыты баяғыда жеткенімен әзірге Қанат Ислам командасының ісінен сөзі көп болып тұр. Шаршы алаңдағы жарқын жеңістерінен инстаграмдағы жарқын жазбалары эффектке ие. Бірақ, қашанғы Inter-Continental белбеулерін арқалап жүре бермек, оның да Головкиннің деңгейіне, кем дегенде Жақияновтың дәрежесіне жететін уақыты болды ғой. Жасы да 33-тен асты. Енді қашан?

Бүгін Қанат Исламның промоутері алмасқаны туралы ақпарат жарық көрді. Расымен де Нельсон Лопестен кетіп, Эгис Климастың қарамағына өткен болса, жақсы екен. Бұл қадам Қанат Исламды кәсіпқой бокста жаңа белестерге шығарады деп үміттенеміз. Ең бастысы, Климас оны шетқақпай, тиісті дәрежеде көңіл бөлсе екен дейміз. Әйтпесе, уақыт қазір Қанатқа қарсы жүріп тұр", - деп жазады DiamondRing.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Сіздің реакцияңыз
20
3
3
5
5
4
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel