RU
Ауыр дертке шалдыққан бес жасар қазақ баласы отаға жетпей көз жұмды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ауыр дертке шалдыққан бес жасар қазақ баласы отаға жетпей көз жұмды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстаннан Сеулге ұшақпен жеткізілген бес жасар бала қонуға 20 минут қалғанда көз жұмды. Оның жолға жүрегі шыдамаған деп хабарлайды newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оразалы Ұтжанов

Оразалы Ұтжанов
Source: UGC

Оразалы Ұтжанов Пирсон ауруына шалдығып, қазақстандықтар оның еміне екі жыл бойы ақша жинаған еді.

Балаға ота жасау үшін Корея еліне алып барған. Санавиация ұшағымен Оразалы ата-анасымен бірге Сеулге ұшады. Алайда мақсатты жерге жетуге 20 минут қалғанда баланың жүрегі шыдамай, қайтыс болып кетіпті.

Қайғылы хабарды Оразалының анасы көптен көмек сұраған парақшасында жариялады.

"Бүгін таңғы сағат бесте біз Сеулге санавиациямен ұштық. Жолда Оразалы өзін жақсы сезініп бара жатқан. Бірақ өкінішке орай, қонуға 20 минут қалғанда баламыздың жүрегі тоқтап қалды. Реаниматолог мамандар қолынан келгенінің барлығын жасады. Ал Оразалының жүрегі қайта соқпады. Сағат 9:40-та ол қайтыс болды. Біз үйге қайтып келеміз. Менің кішкентай періштем, біз сені өте қатты жақсы көреміз", - деп жазған.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Сіздің реакцияңыз
2
0
2
96
3
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel