RU

Көзіндегі линзасын түсіріп алған қақпашы үш шайба жіберіп алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Норвегия құрамасының қақпашысы Ларс Хеуген қысқы Олимпиаданың ширек финалдық матчының бірінші кезеңінде Ресей спортшыларымен ойнап жатып, көзіндегі линзасын жоғалтып алды деп хабарлайды allhockey.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ларс Хеуген. Фото: Boston Herald

Ларс Хеуген. Фото: Boston Herald

Хеуген көзіндегі линзасын жоғалтамын деп, Ресей спортшысы Михаил Григоренкодан қақпаға алғашқы шайбаны жіберіп алды. Тағы бірнеше минут өткен соң Никита Гусев пен Вячеслав Войновтар тағы екі шайба кіргізіп үлгерген.

Айта кетейік, ойын жеңімпазы олимпиадалық турнирдің жартылай финалында Чехиямен ойнайтын болады. Аталмыш ел алдыңғы кезеңде АҚШ-ты жеңген болатын.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Көзіндегі линзасын түсіріп алған қақпашы үш шайба жіберіп алды
Mailfire view pixel