RU
Астанада ауқатты әйелдерге үйленіп алатын «күшік күйеулер» көбейген
Жаңалықтар Қоғам

Астанада ауқатты әйелдерге үйленіп алатын «күшік күйеулер» көбейген

Рассказать Вконтакте

Елордада пәтері мен көлігі бар, VIP қызмет атқаратын ауқатты әйелдердің «қолына кіріп» алып, ақшаны оңды-солды шашатын күшік күйеулер көбейіп кеткен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Астаналық күзетші «вип» қызметтегі әйеліне күніне 30 реттен қоңырау шалып, мезі қылған

Астаналық күзетші «вип» қызметтегі әйеліне күніне 30 реттен қоңырау шалып, мезі қылған
Source: UGC

Мамандар мұндай әрекетке, әсіресе, әлеуметтік жағдайы төмен жігіттер жиі баратынын айтады.

«Қазір, өкінішке орай, жұмыссыз ер адамдардың ауқатты әйелдердің пәтеріне кіріп алып, ақшаны желге шашатын оқиғалар көбейіп кеткен. Біздің ұйымға осындай жағдайға тап болған талай қыз-келіншектер келген еді. Солардың бірі – А. есімді келіншек.
Кейіпкердің сөзіне сенсек, ол жағдайы жақсы, ауқатты жан екен, жұмысы да алға басып тұрған көрінеді. Бүгінгінің тілімен айтқанда, «вип» қызметтегі адам.

Бірақ, күйеуі (авт. алғашында ер адам А.есімді бойжеткенмен азаматтық некеде тұрған, кейін үйленген) Астанадағы сауда орындарының бірінде күзетші болып жұмыс атқарыпты. Келіншегінің беделді қызметте болғанын қызғанғаны соншалық, азамат оған күніне 30 реттен қоңырау шалып, маза бермеген.

Сондағы бар мақсаты – оның жұмысына кедергі келтіру болған, бұдан оның әйелінің «вип» қызметте жүргенін көре алмай отырғанын байқаймыз. Егер жолдасың қолдау көрсетудің орнына, керісінше, «сенің қызметің менен үлкен, мен бейшара-бейбақпын» деп қақсап, әйелін кекетіп-кемсітіп отырса, онда оның несі азамат?», - деп күйінді Астанадағы қоғамдық қор өкілдері.

Сондай-ақ, мамандар, ондай азаматтарға әйел адамдар көп жағдайда кешіріммен қарайтынына қынжылды.

«Мәселен, осы оқиғадағы кейіпкеріміз күйеуін аяп, оның үстінен бірде бір рет арыз жазып көрмеген. Бұған қоса, жолдасы нашақорлар есебінде тұрса да, оған да көз жұма қараған. Психологияда оны «стокгольмдік синдром», яғни, өзінен әлсіз адамға үнемі аяушылық таныту, оған қамқор болу деп атайды.

Мұндай оқиғалар жетіп артылады, қыз-келіншектерге әлсіз жігіттерді жарылқаймыз деп, өздерінің денсаулығына, жүйке-жүйесіне ауыртпалық түспесе екен деп тілейміз»,-деп сөзін қорытындылады қоғамдық ұйым жетекшісі Анна Рыль.

Сіздің реакцияңыз
21
5
4
15
4
20
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel