RU

Қайрат Нұртас әйелімен бірге түскен сексуалды суретін жария етті (фото)

Қайрат Нұртас бүгін жары Жұлдыз Әбдікәрімовамен Мальдив аралында он жылдық мерейтойын атап өтуде. Демалыс сәтінен сексуалды суреттерін желіге жүктеген әнші өзгелерді қызықтырып қойды деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртас. Фото: Instagram
Қайрат Нұртас. Фото: Instagram: UGC
«Он жыл! Біреуге көп, біреуге аз. Мен үшін он жыл қас-қағым сәтте өтіп кеткен сияқты көрінеді. Жұлдызыммен кеше ғана танысқандаймын. Он жыл бұрын қалай ғашық болсам, әлі де солай. Он жыл бұрын сенсіз өмірімді елестете алмасам, қазір сендерсіз өмір сүре алмаймын. Әрдайым жанымда шыдамдылығыңмен, ақылдылығыңмен, сабырлығыңмен, маxаббатыңмен күш бердің, жаным. Он жыл бұрын армандаған арманыма, жарыма берген уәдемді орындағаныма, Аллаға шүкір!
Бұл дүниедегі бар байлығым да, бақытым да отбасым! Жаратқан жәннәтқа бірге кіруді нәсіп етсін! Мен сені сүйем, Джули!» - деп жазба қалдырды Instagram парақшасында Қайрат Нұртас.

Айта кетейік, бүгін шаңырақ көтергендеріне он жыл толған жұлдызды жұп, Мальдив аралында мерейтойын атап өтуде. Қайрат Нұртастың жарына ескен кетпес сый жасағанын да хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1718132-kajrat-nrtas-jelimen-birge-tsken-seksualdy-suretin-zaria-etti-foto.html