RU

Қызылордадағы мұздақ: Балалар көшеде емін-еркін коньки теуіп жүр

Қызылорда қаласында қар мен жаңбыр аралас жауып, көше бойы нағыз мұз айдынына айналған деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Портал редакциясының +7 747 535 1298 Whatsapp нөміріне оқырмандар жіберген видеода жас бала жол үстінде конькиді емін-еркін теуіп жүргені көрінеді.

Келесі бір видеода егде жастағы ер мен әйелдің көшеде құлап қалмас үшін бір-бірін кезекпен ұстап, жүріп келе жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңертең Қызылорда қаласында жолаушылар автобусы жол үстінде тайғанап, аударылып қалған болатын.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1718133-kyzylordadagy-mzdak-balalar-ksede-emin-erkin-konki-teuip-zr.html