RU
"Қалаулымның" атышулы қатысушылары ақыры жобадан кетіп тынды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Қалаулымның" атышулы қатысушылары ақыры жобадан кетіп тынды

Рассказать Вконтакте

Көпшілікке атышулы жұп болып танылған «Қалаулым» бағдарламасының қатысушылары Ислам Алтайбаев пен Шынар Межанова жобадан шықты деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Қалаулымның атышулы жұбы жобадан кетіп тынды

Қалаулымның атышулы жұбы жобадан кетіп тынды

«Қалаулым» бағдарламасының бүгінгі санында Ислам мен Шынар жұбы жобадан кеткені айтылған. Енді олар өз жұптарын тапқан өзге де қатысушылар сияқты жобаға айына бір рет келіп, өз жаңалықтарымен бөлісіп отыратын көрінеді.

Бұл туралы қатысушылар мен жобаның шеф-редакторы Шаһкерім Кәрменов те парақшаларында жазған.

Қалаулымның атышулы жұбы жобадан кетіп тынды

Қалаулымның атышулы жұбы жобадан кетіп тынды

«Өз аялдамамызда түсіп қалдық, «Қалаулым» рахмет бәрі үшін», - деп парақшасында жазба қалдырған Ислам Алтайбаев.

Ал желі қолданушыларының бірі, «дұрыс шешім, бақытты болыңдар» деп жазса, енді бірі, «сіздерсіз жоба қызық емес, бекер кеттіңіздер» деген пікірлер қалдырған.

Айта кетейік, қос қатысушы бұған дейін эфирде бірнеше мәрте сөзге келіп, татуласқан болатын. Осы оқиғалардан кейін, көпшілік олардың жобадан кетулерін өтінген еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
2
5
3
5
32
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір