RU
Бауыржан Байбек қарапайым халықты түсіну үшін базардан зат алатынын айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Бауыржан Байбек қарапайым халықты түсіну үшін базардан зат алатынын айтты

Рассказать Вконтакте

Алматы әкімі Бауыржан Байбек тұрғындармен кездесу барысында ел көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Алматылықтар коммуналдық қызмет ақысының өсіп кеткеніне алаңдаулы деп хабарлайды NUR.KZ.

Бауыржан Байбек. Фото: Kapital.kz

Бауыржан Байбек. Фото: Kapital.kz

Түрксіб ауданының тұрғыны коммуналдық қызметтердің қымбаттағанына қатысты арыз айтты. Ал әкім өзінің де жиі базарға баратынын, елдің тыныс-тіршілігімен таныс екенін мәлімдеді.

«Біз нанды арзандаттық. Бірақ халық сапасына риза емес. Мен де базарға шығып, керегімді аламын. Түсінемін, әр тиын қымбат. Біз адамдардың немен өмір сүретінін көріп барып, көмек көрсете аламыз», - деді.
«Алматы барлық жағынан қымбат қала. Адамдар бізге өзге қаладан келушілер көп екеніне арызданады. Менің монополисттерге айтарым бар. Оларды тексеру керек», - деді әкім.

Байбек мырза коммуналдық мәселелердің өте қиын іс екенін ескертті. Себебі, бір жағынан тұрғындар қымбатшылыққа арызданса, екінші жағынан бұл қызметті ұсынатындар қалалық басқарманы қиын жағдайға қалдырып отыр екен.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
3
0
1
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір