RU
Бір қорап есірткімен ұсталған ақтаулық жігіт бар болғаны айыппұлмен құтылды
Жаңалықтар Қоғам

Бір қорап есірткімен ұсталған ақтаулық жігіт бар болғаны айыппұлмен құтылды

Рассказать Вконтакте

Ақтау қалалық соты бір қорап марихуанамен ұсталған азаматты кінәлі деп тауып, оған 60 мың теңге көлемінде айыппұл салды деп жазады Sn.kz.

Бір қорап есірткімен ұсталған ақтаулық жігітке бар болғаны айыппұл салынды

Бір қорап есірткімен ұсталған ақтаулық жігітке бар болғаны айыппұл салынды

Полиция қызметкерлері оны 2 шағынаудандағы №64 үйдің жанынан қолға түсірген.

Ер азамат есірткіні сіреңке қорабына жасырыпты. Тергеу кезінде ол қораптағы жасыл түсті затты полицейлерге көрсеткен екен.

Артынша сот сараптама жасап, оның 4,03 грамды құрайтын марихуана екендігі анықталды.

Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 296-бабының 2-бөлігі бойынша (есірткі құралдарын сату мақсатында заңсыз сақтау) кінәлі деп тауып, 25 айлық есептік көрсеткішке (60,125 теңге) сәйкес айыппұл салған.

Сіздің реакцияңыз
3
1
3
0
3
11
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel