RU
Қазақстандық мектеп оқушылары енді заңды түрде ақша таба алады
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық мектеп оқушылары енді заңды түрде ақша таба алады

Рассказать Вконтакте

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы талқыланды деп хабаралйды 24.kz.

Мектеп оқушылары енді заңды түрде ақша таба алатын болды

Мектеп оқушылары енді заңды түрде ақша таба алатын болды

Құжаттың ерекшелігіне тоқталмас бұрын, бүгін Мадина Әбілқасымованың министр ретінде Мәжіліс қабырғасында алғаш рет баяндама жасағанын айта кеткен жөн.

Ал заң жобасына келсек, енді жұмыс іздеген азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіне алады. Осыған дейін екі қолға бір күрек таппай жүргендер жұмыспен қамту орталығы мен электронды үкімет арқылы жұмыс іздеумен шектелетін.

Министрдің айтуынша, бұл азаматтардың қызметке орналасуын тездетеді. Ұсынылып отырған заң жобасы студенттер мен жоғары сынып оқушыларының қоғамдық жұмыстар аясында еңбек етуіне жағдай жасайды.

Енді олар Еңбек кодексінде көрсетілгендей, жазғы демалыс кезінде ғана емес, оқудан бос уақытта да заңды түрде ақша таба алады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
6
13
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір