RU
Семейде тағдыр тәлкегіне ұшыраған келіншек қазақтың салтымен ұзатылды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Семейде тағдыр тәлкегіне ұшыраған келіншек қазақтың салтымен ұзатылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Семейдегі Ана үйінің қызметкерлері осы жерді паналаған келіншекті қазақтың салтымен ұзатты деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр КТК арнасы

Кадр КТК арнасы

Жастайынан тағдыр тәлкегін көрген 21 жастағы Дидарай Құсайынованың бір баласы бар. Шынашақтай кезінде, ата-анасы ажырасып, әке мейірімін де көрмей өсіпті. Тіпті, есейе келе таңдаған жары да алдап соққан.

Айтуынша, алғашында сүйемін-күйемін деген желеумен шаңырағына кіргізіп, жүкті болған сәтте одан жалт бұрылған.

21 жастағы Дидарай. Скриншот КТК арнасы

21 жастағы Дидарай. Скриншот КТК арнасы

Ақыры сатқындықтан барар жер, басар тау таппаған келіншек құрсағындағы сәбимен "Ана үйінен" бір-ақ шыққан. Енді, бұл өткен өміріне көз жұма қараған азаматтың жолыққанына тәубә деп отыр.

"Болашақ жарыммен құраннан дәріс беретін бір ұстазым арнайы шақыртып, осындай қыз бар деп таныстырды.Ол кісі жақсы бір бала барын маған да жиі айтатын. Сөйтіп, бір-бірімізді көріп ұнатып таныстығымыз махаббатқа ұласты", - дейді қалыңдық Дидарай Құсайынова.
Семейде махаббатың құрбаны болған жас келіншек қазақтың салтымен ұзатылды

Семейде махаббатың құрбаны болған жас келіншек қазақтың салтымен ұзатылды

Осылайша, аналар үйіндегілер Дидарайды әкетуге келген құдалары мен күйеу жігіт Ерсінді жақсы дайындықпен қарсы алды.Олар кішігірім қыз ұзату тойын жасауға дайындалып үлгерген. Тіпті Дидарайға сәукеле кигізіп, әдемілеп шығарып салды.

Айта кетейік, бүгінде Ана үйін Дидараймен тағдырлас 14 келіншек паналап отыр. Олардың барлығы – жауапсыз махаббаттың құрбандары.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
1
4
4
24
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel