RU
Дәрігерлер алғаш рет денесінен 16 ине табылған сәбиді көрсетті (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Дәрігерлер алғаш рет денесінен 16 ине табылған сәбиді көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Өзбекстан дәрігерлер алғаш рет денесінен 16 ине табылған сәбиді көрсетті деп хабарлайды "Өзбекстан жаңалықтарына" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Дәрігерлер алғаш рет денесінен 16 ине табылған сәбиді көрсетті (видео)

Дәрігерлер алғаш рет денесінен 16 ине табылған сәбиді көрсетті (видео)

Медицина ғылымдарының профессоры Хабибулло Акиловтың сөзінше, жақында ғана бір жасқа толған бүлдіршіннің жағдайы жақсарып келеді. Ол қазір өздігінен дем ала алатын болған. Ал жасанды аппарат оның қауіпсіздігі үшін қолданылуда.

Сондай-ақ, бүлдіршіннің температурасы да бір қалыпқа түскен.

Профессордің айтуынша, бүлдіршің ақыл-есін біледі. Оның жағдайы толық жақсы деп айтуға келмесе де, сәбидің болашақта оңалып кетуіне мүмкіндік бар.

Мекеме кішкентай Азизбектің 6-қаңтар күні бір жасқа толған туған күнін атап өткен.

Хирург сонымен қатар сәби толық жазылып кетуі үшін қолдан келгендерін аямайтынын да айта кетті.

Еске сала кетейік, денесінен 16 ине табылған бүлдіршін өте ауыр жағдайда қаңтар айында ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер 9 сағат бойы ота жасап, Азизбектің денесінен 13 инені алып шыққан.

Ал қалған үш ине ақ халаттылардың сөзінше, оның өміріне қауіп төндіріп тұрған жоқ. Дәрігерлер оны да алып тастауды көздеп отыр.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
4
3
0
20
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel