RU
Депутаттар Қызылорда мен Қостанайдың уақытын ауыстыруды сұрап отыр
Жаңалықтар Қоғам

Депутаттар Қызылорда мен Қостанайдың уақытын ауыстыруды сұрап отыр

Рассказать Вконтакте

Парламент мәжілісінің жалпы отырысында депутат Балайым Кесебаева Қызылорда мен Қостанай облыстарында уақытты өзгерту мәселесін көтерді. Себебі қазіргі уақыттың тәртібі xалықтың денсаулығына кері әсерін тигізіп отыр деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Vzglyad.az

Көрнекі фото: Vzglyad.az

"Бұл мәселені облыс xалқы 2005 жылдан бастап, яғни Қызылорда мен Қостанай облыстарының уақыт өлшемін дағдылы уақытынан алға жылжыту туралы шешім қабылданғаннан бері көтеріп келеді. Мәжіліс және Сенат депутаттары бұған дейін аталған мәселені Үкімет алдына депутаттық сауал ретінде бірнеше рет қойған болатын. Үкіметтен тиісті зерттеу жұмыстары жүргізіледі деген жауап алынды. Бірақ әлі күнге дейін нақты шешім қабылданған жоқ", - деді Кесебаева.

Фесенков атындағы астрофизикалық институтының ақпараты бойынша Қызылорда облысының территориясы төртінші сағаттық белдеуге жатады және қазіргі декреттік уақыттан 2 сағат 30 минутқа алда келеді екен.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
1
13
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір