RU
Мешіт пен шіркеудің шуынан шаршаған жұрт министрге арызданды
Жаңалықтар Қоғам

Мешіт пен шіркеудің шуынан шаршаған жұрт министрге арызданды

Рассказать Вконтакте

Елімізде сән үшін салынған мешіттер көбейіп, біразы қаңырап қалыпты. Дін істері министрі Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, имамы жоқ, адам көп бармайтын бұл ғимараттарды қожайындары саудаға қойған деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мешіт пен шіркеудің шуынан шаршаған жұрт министрге арызданды

Мешіт пен шіркеудің шуынан шаршаған жұрт министрге арызданды
Source: UGC

Кей мешіттер тіпті жамағат санына сәйкес келмейді екен.

Оның үстіне, халық көп жүретін көшенің бойына салынған мешіттер мен шіркеулердің кейбірінде көлік қоятын орындары болмайды.

Сондай-ақ, дауысы қатты шығып, қоңыраулары айналадағы тұрғындардың мазасын алатын көрінеді. Осыны бұлдап министрлікке шағымданатындар көбейген.

Сондықтан, Ермекбаев ғибадатханалардың, әсіресе мешіттердің құрылысын тәртіпке келтіретін уақыт жеткенін айтады.

"Бүгінде елімізде 3601 мешіттің 84-і қаңырап бос тұр. Бұл процесті жүйеге келтіру үшін діни ғибадатханалар салуға рұқсат беретін айқын стандарттар болуы қажет. Соның ішінде, жаңадан құрылыс салуға ниетті азаматтарға қосымша талаптар қойылуы мүмкін. Мысалы, ғибадатхана салудың жаңа үлгілі ережелерін енгізу керек", - деді Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев.

Сіздің реакцияңыз
16
1
3
2
0
9
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel