RU
Алматыда ұшақты дөңгелексіз қондырған ұшқыш сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда ұшақты дөңгелексіз қондырған ұшқыш сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Әскери ұшақты дөңгелексіз қондырған пилотты сот кінәлі деп тауып, 3 жылға бас бостандығынан айырды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыда ұшақты дөңгелексіз қондырған ұшқыш сотталып кетті

Алматыда ұшақты дөңгелексіз қондырған ұшқыш сотталып кетті

Оқыс оқиға әскери оқу-жаттығу кезінде болған. Кенеттен шассиі шықпай қалған Су-27 қара жерді сүзіп қоныпты. Ақауға қарамастан техниканы аман-есен қондырған 31 жастағы пилотты әріптестері мақтап, арқасынан қаққан болатын.

Алайда әскери сот күтпеген шешім шығарды. Ұшқыш Радик Әшімов шассисіз қонғаны үшін кінәлі деп табылып, үш жылға бас бостандығынан айырылды. Ол енді жазасын колонияда өтейді

Ұшқыштың туыстары мұнымен келіспей отыр. Айтуларынша, оқу-жаттығу – әскери техниканы тексеру мақсатында өткен. Сондықтан, істемей қалған шасси үшін пилоттың жауапқа тартылуы күлкілі жағдай.

Керісінше, жолын тауып, сәтті қонған. Сол себепті де, ұшқышты түрмеде қылмыскерлердің қасында ұстау нағыз сорақылық деп санайтын олар бостандыққа жіберуді сұрып отыр.

Ал апатты жағдайдың өзі 2016 жылдың қарашасында болған. Шассиі шықпай қалған Су-27 жойғыш ұшағы аэродромға аман-есен қонып, әскери бір ажалдан қалған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
35
3
4
3
1
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір