RU
Қайда болғаны маңызды емес: Ақтөбеде жоғалып кеткен жеткіншектер табылды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қайда болғаны маңызды емес: Ақтөбеде жоғалып кеткен жеткіншектер табылды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде жоғалып кеткен екі мектеп оқушысы табылды. Іздеу жұмыстарын жүргізген еріктілер ақтөбеліктерге алғыс білдірді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбеде жоғалып кеткен мектеп оқушылары табылды

Ақтөбеде жоғалып кеткен мектеп оқушылары табылды
Source: UGC

Бұған дейін Ақтөбе қаласындағы Мәскеу шағын ауданында тұратын екі жасөспірімнің мектептен соң үйлеріне қайтпағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Оқушыларды іздеуге полиция мен еріктілер жұмылды. Көшелерге хабарландыру ілініп, көліктерге балалардың суреті жабыстырылған.

Ал кеше кешкілік еріктілердің жұмысын ұйымдастырған Екатерина Голотина екі баланың табылғанын жеткізді.

«Екі бала да аман. Күні бойы іздеп, аман табылғанына қуанып отырмыз. Олардың қайда болғаны маңызды емес, амандығын ойладық. Балалар Сазды полиция бөлімінде, олармен әңгімелесу жүріп жатыр» ,- деді ерікті Екатерина Голотина.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
3
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel