RU
СҚО әкімі: Жердің бәрі 10 жыл бұрын сатылып кеткен
Жаңалықтар Қоғам

СҚО әкімі: Жердің бәрі 10 жыл бұрын сатылып кеткен

Рассказать Вконтакте

Петропавлда бұдан былай жер телiмдерi ашық аукциондар арқылы сатылады. Бұл туралы СҚО әкiмi Құмар Ақсақалов жер қатынастары басқармасының кеңейтiлген алқа отырысында мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

СҚО әкімі: Жердің бәрі 10 жыл бұрын сатылып кеткен

СҚО әкімі: Жердің бәрі 10 жыл бұрын сатылып кеткен
Source: UGC

"Қалада бос жер телiмi жоқтың қасы. Инвесторларға жер таба алмадық. Бәрiн 10 жыл бұрын сатып жiберген, аукционсыз. Ендi жер телiмдерi тек ашық аукцион арқылы сатылу керек. Жердi алғаннан кейiн онда нысан тұрғызу қажет, өйтпеген жағдайда қайтарып аламыз", — дедi өңiр басшысы.

Жер телiмдерiн сату кезiнде барлық жағдайды ескерген жөн. Әсiресе, демалыс орындарында жердi сатуға тыйым салынды.

"Адамдар демалатын орындарда жердi мүлдем сатуға болмайды. Бiзде саябақта жердi үй тұрғызуға сатып жiберген. Дәл жаяу жүргiншiлер өтетiн жерге баспана тұрғызу еш қисынға келмейдi", — дедi Құмар Ақсақалов.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Сіздің реакцияңыз
16
0
4
2
1
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel