RU
Жұмыртқа туатын индонезиялық жігіт дәрігерлерді аң-таң қылды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Жұмыртқа туатын индонезиялық жігіт дәрігерлерді аң-таң қылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Индонезияда 14 жастағы Акмаль Руси есімді жігіт дәрігерлерге тауық секілді жұмыртқалай алатынын айтып таңғалдырған деп хабарлайды segodnya.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: segodnya.ua

Фото: segodnya.ua

Акмаль Руслидің әкесі айтып бергендей, жасөспірімнің іші қатты ауырған соң, оны ауруханаға алып барған. Онда дәрігерлер баланы рентгенге түсіріп, ішінде жұмыртқа барын анықтайды. Содан кейін жұмыртқаларды оның тік ішегі арқылы қабығын бұзбастан шығарып алыпты.

Белгілі болғандай, жігіт осы оқиғадан кейін "ерекше диагнозбен" ауруханаға тағы да бірнеше рет түскен. Дәрігерлер оның тоқ ішегінен барлығы 18 жұмыртқа шығарыпты.

Жасөспірім мен оның отбасы мүшелері бала ішінде жұмыртқаның пайда болуын "ерекше қасиетке" балап отыр. Алайда мамандар жұмыртқаның табиғи жолмен пайда болуын жоққа шығарып, оны әдейі өздері салып қойған дегенді айтады. Тіпті жұмыртқаларға арнайы зерттеу жүргізіп, оның қарапайым тауықтан шыққанын анықтайды.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
9
10
26
4
1
3
8
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір