Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең ерекше үйлену дәстүрлері туралы не білеміз? (фото)

Опубликовано:

Әр елдің наным-сеніміне байланысты жасайтын жөн-жоралғылары да әртүрлі. Дегенмен әлем халқына ортақ ғұрып - "екі жастың үйленуі" болып саналады. Осы орайда той алдынлда жасалатын әлемдегі ең ерекше салт-дәстүрлер туралы мәліметтерді Livejournal сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы ұсынады.

1. Шотландияның кей жерлерінде "қалыңдықты қаралау" деп аталатын дәстүр бар. Онда үйленгелі жатқан жігіттің туыстары болашақ келіндерін ұрлап алып кетеді де, оның үстіне кір суға араластырылған ұн, жуынды, тіпті малдың нәжісіне дейін қосып құйып жібереді. Осыдан кейін үсті-басындағы кірімен қосыр көшелерді аралайды немесе талға байлап қояды екен. Ежелгі наным бойынша бұл қалыңдықты болашақтағы өмір қиындықтарына дайындау болып саналады екен.

Фото: ibigdan.livejournal.com
Фото: ibigdan.livejournal.com: UGC

2. Қытайда қызын ұзатқалы жатқан отбасы бір ай бойы көз жасын төгеді. Алдымен қалыңдықтың өзі күніне бір сағат дауыс шығарып жылайды. 10 күнен кейін анасы, тағы 10 күненен соң әжесі де қосылып көз жастарын көл қылады. Олар әр түрлі дауыста ән шырқағандай етіп жылайды.

Фото: ibigdan.livejournal.com
Фото: ibigdan.livejournal.com: UGC

3. Оңтүстік Суданның нуэр тайпасында тұрмысқа шыққан әйел күйеуіне екі бала туып бермейінше олар үйленген болып саналмайды. Егер ол екі баланы босана алмай жатса, жігіт басқа әйелге үйленуге құқылы.

Фото: ibigdan.livejournal.com
Фото: ibigdan.livejournal.com: UGC

4. Спартандық мәдениет бойынша тұрмысқа шығатын әйел еркектің киімін киіп, ал ер азамат әйелше киініп көшеде жүруі керек.

Фото: ibigdan.livejournal.com
Фото: ibigdan.livejournal.com: UGC

5. Корейлер үйленген жігіттің неке түні болмас бұрын, оның табанын таяөқпен немесе балықпен әбден ұрғылайды. Бұл оның алдағы өмірге дайындығын пысықтайтын көрінеді. Дегенмен қазіргі уақытта жастар бұл дәстүрді жігіттің табанын ауырту үшін емес, ойын-күлкі үшін жасап жүр.

Фото: ibigdan.livejournal.com
Фото: ibigdan.livejournal.com: UGC

6. Көп елде қонақтар қалыңдыққа жаңа ыдыс-аяқ сыйға тартады. Германияда да бұл дәстүр жақсы сақталған. Онда жаңа тәрелкені жерге лақтырып, бақыт үшін деп сындырады. Ыдыстың жерге тиген қатты дауысы жаман рухтарды шошытады деген сенім бар.

Фото: ibigdan.livejournal.com
Фото: ibigdan.livejournal.com: UGC

7. Конгода үйлену тойына өте салмақты дәстүр ретінде қарайды. Бұл салтқа сенгендігі соншалық, рәсім үстінде қалыңдық пен күйеужігітке мүлдем күлуге болмайды екен.

Фото: ibigdan.livejournal.com
Фото: ibigdan.livejournal.com: UGC

8. Африка мен Азияның кей елдерінде қалыңдықты алып қашу деген дәстүр әлі де сақталады. Үраланған қызды жігіт үінде үш күнге дейін қамап ұстаса, ол амалсыз көніп қалады екен. Көп жағдайда олар келіншекті келісімін бермей жатса зорлап көндіреді екен.

Фото: ibigdan.livejournal.com
Фото: ibigdan.livejournal.com: UGC

9. Францияда жаңа отау құрған жас жұбайлардың алғашқы неке түні алдында көршілері мен туыстары келіп, ыдыс-ақтар мен темірлерді ұрып шулатады . Бұл кезде жас келін шығып барлық қонақтарға шай беруі керек.

Фото: ibigdan.livejournal.com
Фото: ibigdan.livejournal.com: UGC

10. Ал Мавританияда тұрмысқа шыққалы жатқан қызды біраз уақыт бойы көбірек тамақтандырып, толық етуге тырысады. Бұл оны барған жерінде бай отбасыдан шыққан, тоқшылықта өскен қыз екенін көрсетеді деп сенеді.

Фото: ibigdan.livejournal.com
Фото: ibigdan.livejournal.com: UGC

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1718239-lemdegi-e-erekse-jlenu-dstrleri-turaly-ne-bilemiz-foto/

pixel