RU
Сапарбаевтың орынбасары шенеуніктердің ұйықтаудан қорқып қалғанын мойындады
Жаңалықтар Қоғам

Сапарбаевтың орынбасары шенеуніктердің ұйықтаудан қорқып қалғанын мойындады

Рассказать Вконтакте

Диапазон басылымының "ақтөбелік шенеуніктер әкім алдында тағы да ұйықтап қалды" деген мақаласынан кейін жиналыс қатысушыларының бірі газеттен моральдық шығын ретінде бір миллион теңге төлеуді талап еткен. Оны бермесе сотқа береміз деп қорқытқан. Ал облыс әкімі қоластындағыларды газетті сотқа бермей, "ұйықтап, ешқандай қадам жасамай жатқаны" үшін сөккен.

Ербол Нұрғалиев - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

Ербол Нұрғалиев - Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

Басылым қызметкерлері Ақтөбе облысы әкімінің орынбасарынан ұйықтап кеткен шенеуніктерді қалай бағалайтынын сұрап көрді.

"Әрине, жұмыс орнында отырған адам ұйықтамауы тиіс. Оны не үшін шақырды? Жиналыста маңызды сұрақтарды талқылап, тапсырмалар беріледі. Сондықтан олар мүлгіп отырмауы керек. Бірақ барлық шенеунікті бірдей... себебі онла ұйым басшылары мен компания директорлары да болды. Олар да адам, біреуі түнде ұйықтамаған шығар. Жалпы, бұл сұрақты көтеріп отырғандарыңыз орынды", - деді Ербол Нұрғалиев.

Сондай-ақ журналист шенеуніктен "әкімдік газетпен соттасады ма?" деп сұраған.

"Мен сіздерге алғыс айтқым келеді. Сіздер бізге тәртіпті ретке келтіруге көмектесіп жатырсыздар. енді жиналысқа келгендер біреу түсіріп алады ма деп, ұйықтап кетуден қорқып отырады. Жиналыста белсенділік танытып отырады. ал соттасу мәселесіне келетін болсақ, кейбір нәрселер дұрыс болмағанымен де, заң тұрғысында сотқа бергеннен пайда жоқ деп шештік. Біз бұл туралы әкімге хабарладық. Ол келісті. Бірақ мемлекеттік органдардың абыройын қорғау керек екенін айтты", - деп жауап берді ол.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
2
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel