RU
Төреғалидің әнін тыңдаған жүкті әйелдердің толғағы жеңілдей түскен
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Төреғалидің әнін тыңдаған жүкті әйелдердің толғағы жеңілдей түскен

Рассказать Вконтакте

"Бол жанымда" мен "Қызыл өрікті" шырқаған жүкті әйелдердің толғағы жеңілдей бастаған деп хабарлайды «Elorda.info» сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі. Фото: NUR.KZ

Төреғали Төреәлі. Фото: NUR.KZ

Бұл жайында Астана қаласының мамандандырылған №3 перинаталдық орталығы мәлімдеген. 15 аптадан бастап құрсақтағы нәресте айналадағы дыбыстарды ести бастайды екен. Сол уақытта анасы мен баласы арасында байланыс орнату үшін, дыбыстап үйрену керек.

«Ән айту кезінде тыныстау дұрысталады. Ол толғақты жеңілдетеді», - деді вокалотерапия шеберлігін жүргізетін медицина ғылымдарының докторы Сабира Кульчимбаева. Жүкті әйелдер орындайтын әндер тыныс алуға байланысты таңдалады екен. Бұл зерттеу 20 жылдан астам тексерілген.

Бүгінде №3 перинаталдық орталықта жаттығушы жүкті әйелдер орындайтын әндердің арасында Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» сынды классикалық әннен бастап, қазіргі күні тойларда жиі айтылатын Абай Бегей, Ерке Есмахан, Төреғали Төрәлі сынды жас әншілер орындайтын «Қызыл өрік», «Қайда», «Бол жанымда» сынды әндер бар.

Айта кететіні, әндер жүкті ананың ұлтына байланысты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде таңдалады екен.

Хотите быть всегда в курсе самых интересных событий?
Подписывайтесь на наш канал в Telegram!
Сіздің реакцияңыз
9
4
2
0
1
27
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір