RU
Ақтөбелік азамат бастығынан қорқып халықты алдағанын жайып салды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбелік азамат бастығынан қорқып халықты алдағанын жайып салды

Рассказать Вконтакте

Халыққа есеп беріп, арыз-шағымын тыңдаған Сапарбаевтың алдына мемлекеттік қызметкерлер де көмек сұрап келді. Ақтөбедегі Әділет департментінің бұрынғы баспасөз хатшысы он жыл жұмыс жасаған мекемеде басшысының өзін танымайтынын айтып, көмек сұрады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбелік азамат бастығынан қорқып халықты алдағанын жайып салды

Ақтөбелік азамат бастығынан қорқып халықты алдағанын жайып салды
Source: UGC

«Ақтөбеде құқықтық ақпараттық орталық ашылған болатын. Сол орталыққа заңгерлік кеңес ұйымдастыру Әділет департаментіне тапсырылған. Басшылардың бұйрығымен заңгер қызметін Әділет департаментінің баспасөз хатшысы болған мен атқаруға мәжбүр болдым.

Ешқандай заңгерлік білімім және нотариус қызметін жасауға арнайы лицензиям болмаса да, сол орталықтың үстелінде халықты алдап, нотариус қызметін жасадым. Ақтөбе халқынан және сізден өзім үшін және басшыларым үшін кешірім сұраймын. Халықты алдағаным маған ауыр тиді.

Осы мәселені департаментіміздің басшысы Берік Серікұлынан білуге барғанда , ол жерде мен он жылға жуық баспасөз хатшысы болып қызмет атқарғаныммен, ол кісі мені танымайтын болып шықты. Және мен ол жерде қандай қызмет атқаратынымды білмеймін. Сондықтан менің жанайқайымды сезініп, кадр мәселесіне араласуызыңызды сұраймын», - деді Нұркен Уайдин.

Ақтөбе облыстық Әділет департаментінің бұрынғы баспасөз қызметкері халықтың алдына шығып, өзінің қиналып жүргенін айтты. Әкім департамент басшысын орнынан тұрғызды.

«Шын мәнінде бұл кісі бізде жасаған. Құқықтық орталық ашылғанда Әділет департаментінің атынан өкіл қылып осы кісіне жібердік. Онда бірнеше апта жасап, кейін келмей қойды. Артынан бірнеше мәрте «жұмысқа шығыңыз» деп үйіне хат жібердік. Төрт айдан кейін бұл кісіні енді көріп отырмын. Бірнеше мәрте келмегеннен кейін бұл кісіні жұмыстан шығарып отырмыз», - деді облыстық Әділет департаментінің басшысы Берік Беркімбаев

Бердібек Сапарбаев көтерілген мәселеге қатысты аппаратқа тапсырма беріп, зерттеу жүргізетінін айтты.

Материал ҚР құқықтық заңнамасына сәйкес қорғалған. Материалды көшіріп басу, тарату немесе өзге де мақсаттарға пайдалану үшін редакцияның рұқсатын алу керек.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
1
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel