RU
Бір күнде екі медаль алған Жаңа Зеландия Қазақстанды басып озды
Жаңалықтар Олимпиада-2018

Бір күнде екі медаль алған Жаңа Зеландия Қазақстанды басып озды

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан қысқы Олимпиада ойындарында Жаңа Зеландия құрамасы бір күнде екі медаль жеңіп алды деп хабарлайды Vesti.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қысқы Олимпиада: Жаңа Зеландия бір күнде 2 медаль жеңіп, Қазақстанды басып озды

Қысқы Олимпиада: Жаңа Зеландия бір күнде 2 медаль жеңіп, Қазақстанды басып озды
Source: UGC

16 жастағы фристайлышы Нико Портеус ски-хафпайп сайысында үшінші орынды иеленді. Бұл - Жаңа Зеландия үшін қысқы Ойындар тарихындадағы үшінші медаль.

Сонымен қатар, жаңазеландиялықтар сноубордшы Зои Садовски-Синнотт биг-эйр сайысында тағы бір қола медальды иеленді. Тынық мұхитының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан ел үшін бұл күн ең табысты күн болып саналады.

Соның арқасында Жаңа Зеландия Испаниямен тең түсіп, жалпы есепте 24-ші орынға көтерілді. Тізімнің ең соңғы сатысында бір ғана қола медальмен Қазақстан, Латвия және Лихтенштейн тұр. Толық тізіммен мына жерде таныса аласыз.

Айта кетейік, Жаңа Зеландия 1992 жылы күміс медаль иеленген. Қазіргі өтіп жатқан Олимпиада ойындары осы елден небәрі 20 спортшы қатысып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
2
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel