RU
Ресейлік спортшының 2 орын алғанын естіген жапон журналисі жылап жіберді
Жаңалықтар Олимпиада-2018

Ресейлік спортшының 2 орын алғанын естіген жапон журналисі жылап жіберді

Рассказать Вконтакте

Пхенчхандағы Олимпиадада Алина Загитованың қысқа бағдарламада көрсеткен өнеріне қарап жапон журналисі көз жасын тыя алмай қалды деп хабарлайды riafan.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Евгения Медведева

Евгения Медведева

Евгения Медведева Fantasy On Ice және Dreams on Ice телевизиялық бағдарламаларының арқасында Жапонияда танымал болып үлгерген. Алайда оның сырғанау бойынша қысқа бағдарламадағы ұпай саны 81,61 болып қалғаны жапондық жанкүйерлерінің көңілін түсіріп тастады.

Жапониялық журналист қыз тамаша өнер көрсетіп, 82,92 балл жинаған Алина Загитоваға қарап жылап жіберді. Себебі Медведева әзірге екінше орында қалып тұр.

Ресейлік екі спортшының арасындағы бәсекелестік жаттықтырушы Татьяна Тарасованы да бей-жай қалдырмады. Ол арулардың мұз айдынында қарсылас болғанымен, шын өмірде өте жақсы араласатынын жеткізді.

Еске салсақ, Евгения Медведеваның мұз айдынындағы өнеріне президенттің өзі тәнті болған еді. Владимир Путин оны ресейліктер ғана емес, шетелдіктер де үлгі алатын өте талантты спортшы деп атады.

Назар аударыңыз! NUR.KZ сайтында пікір қалдыру ережесі өзгертілді. Өз пікіріңізді білдіру үшін тіркеліңіз. Оны қалай жасау керектігін мына жерден көре аласыз>

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір