RU

Ақтөбеде медбике өзін видеоға түсірген емделушіні ұрып тастады (видео)

Оқиға Ақтөбеде балалар ауруханасында орын алған. Медбике емделушіні ұрып жіберді деп хабарлайды «Диапазон» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Медбике. Фото: NUR.KZ
Медбике. Фото: NUR.KZ: UGC

Бұл видеоны көрген оқырмандар пікірі екіге жарылды. Бірі медбикені өте мейірімді кісі деп жақтаса, екіншілері оның әрекетін сынап тастады.

Ал аталмыш аурухананың мәліметінше бұл емделуші қазіргі уақытта өзіне қажетті медициналық көмекті алып, шығып кеткен.

Ал дәрігерлер, видеода ұрыстың неден басталғаны түсірілмеген деуде.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, әйел баласымен, енесі және күйеуімен дәрігердің бөлмесіне кіріп келіп, аузына келгенін айтқан. Мұндай қорлыққа шыдай алмаған медбике, емделушіні ұруып жіберіпті.

«Қазіргі уақытта ауруханада арнайы тексеру комиссиясы құрылып, қатаң жаза қолдануға шешім қабылдады», - деді бас дәрігер Қайырбек Тұхтаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1718277-aktbede-medbike-zin-videoga-tsirgen-emdelusini-ryp-tastady-video.html