RU
Павлодарда қатты күйіп қалған екі айлық нәресте жансақтау бөліміне түсті
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодарда қатты күйіп қалған екі айлық нәресте жансақтау бөліміне түсті

Рассказать Вконтакте

Павлодарда 16 қабатты көппәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, екі айлық нәрестені күйік шалған деп хабарлайды pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодарда екі айлық бүлдіршін оңбай күйіп қалды

Павлодарда екі айлық бүлдіршін оңбай күйіп қалды

Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

"Бесінші қабаттағы пәтерде бір шаршы метр аумақ жанған. Оқиға орнынан облыстық балалар ауруханасына екі айлық қыз бала жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына отты абайсыз қолдану себеп болған", - деді департаментте.

Ведомство ұсынған мәліметке сүйенсек, өрт сағат 13-05-те оқшауланып, сағат 13-12-де жойылған. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметінен 18 қызметкер және бес техника, апаттық медицина орталығынан үш адам мен бір техника жұмылдырылды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, бүгінгі таңда 3-4 санаттағы күйік шалған қыз бала ауыр жағдайда. Жансақтау бөлімінде ем қабылдауда

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel